Павлодарлық наубайшылар нан арасымен жүгіріп жүрген тышқандар түсірілген видеоны таратқан адамдарды жауапқа тартуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарлық наубайшылар нан арасымен жүгіріп жүрген тышқандар түсірілген видеоны таратқан адамдарды жауапқа тартуды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тышқандар піскен нанның арасында жүр" деген атаумен тараған видео былтыр желтоқсан айында Youtube видеохостингіне орналастырылған. Видеода нан салынған қорапта қаптаған тышқандардың қаптап жүргені көрінеді. Мұны көріп тұрған жігіттер боқтық айтып, тышқандарды басып өлтіруге тырысқан. Видеоның нан салынған ағашты көтерген кезде, астында қаптаған кеміргіштер көрінетін жері түршіктіреді. Роликтің қайда түсірілгені белгісіз. Ал павлодарлық нан комбинатының өкілдері әлеуметтік желілер мен пабликтерде таралып жатқан видеоның мекемеге еш қатысы жоқ екенін айтып отыр. Айтуларынша, видео олардың кәсіпорындарына байланысты делініп таратылып жатыр екен, Сондықтан олар видеоны таратушыларды табуды және жазалауды талап етіп отыр.
Бейәдеп сөздер бар 18+
Сонымен қатар, ол жергілікті нанның қапталған түрде сатылмайтынын және дайын өнім цехінде жақында жөндеу жұмыстары өткенін айта кетті. Басында видео павлодарлық кәсіпорынға қатыссыз таралған екен, алайда кейін оқиға жергілікті кәсіпорында болған деген желеумен тарай бастаған. Сол себепті кәсіпорын өкілдері Павлодардың полициясы мен прокуратурасына арызданған. Қазіргі технологияның даму деңгейімен оларды анықтау қиын болмайтынына сенімді кәсіпорынның жоспарлау бөлімінің басшысы Вячеслав Юдин.
Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі наубайшылардың шағымы бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. "Қазіргі кезде тексеріс жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.