17 тамыз 2015 14:04

Перуашев министр Сәрінжіповтің жұмысына шағым келтіруден бас тартпайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Азат Перуашев ҚР Білім және ғылым министрлігіне шағым айтудан бас тартпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісмен Азат Перуашев пен министр Аслан Сәріпжіповтің өзара түсірген шағымы жайлы оқиғасы жалғасын таппақ.


Азат Перуашев ҚР Білім және ғылым министрлігіне шағым айтудан бас тартпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісмен Азат Перуашев пен министр Аслан Сәріпжіповтің өзара түсірген шағымы жайлы оқиғасы жалғасын таппақ.

Бүгін Парламенттің төменгі палатасының депутатының атынан БАҚ-қа Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің тергеу нәтижелері бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша сотқа дейінгі өндірістің тоқтатылғаны жайлы мәлімдемесіне қатысты хабарлама таралды. Азат Перуашевтің айтуынша, ол өзінің берген арызын қайтарып алды, мұны Ішкі істер министрлігі тіркеген. 

"Шағымымды қайтып алуым Аслан Сәрінжіповтің министр ретіндегі жұмысына шағым түсіруден бас тартатынымды білдірмейді. Бұл ведомствода жалғасып жатқан дау мұндай сынның әділдігін ғана растайды", - делінген депутат Азат Перуашевтің атынан таралған хабарламада. 

Оның айтуынша, "Ақ жол" ҚДП парламент фракциясы Білім және ғылым министрлігінің жұмысына көңілі толмайтындығын бірнеше мәрте мәлімдеген.

"(...) Фракция салалық мемлекеттік бағдарламасының олқылығы жайлы ғана емес, сонымен қатар, білім саласындағы бопсалау және сыбайлас жемқорлық, білім беру сапасының нашарлауы, оқулықтардың сапасы мен санына, мемлекеттік білім беру гранттарын үлестіру әдістемесіндегі олқылытар және тағы да басқа мәселелер қозғалды. ҚазҰУ студенттерінің оқуына берілген қаражатты жымқыру жүйесі (бұл жүйе тек осы жоғары оқу орнында ғана болмауы да мүмкін). Өңірлерде оқулықтардың жетіспеушілік мәселесі, ҰБТ қорытындысы бойынша гранттарды үлестірудегі даулар осы саладағы басқару дағдарысын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Депутат парламент каникулынан кейін фракцияның бұл министрліктің заңды міндеттерін толық орындауына талап қоятынын мәлімдеді. "Бұл үшін Парламенттің барлық құзыры жетеді, депутаттардың қарауында "Білім беру туралы" заң бар, ондағы өзгерістерден кейін білім беру министрлігі Мемлекеттік бағдарламаның орындалу талаптарын кейінге қалдыруды заңдастырғысы келеді. "Ақ жол" фракциясы оларды бекітілген мерзімінде толық орындалуын талап етеді", - деп қорытындылады мәжілісмен.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі тергеу нәтижелері бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша сотқа дейінгі өндірістің тоқтатылғанын хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінде "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаты Азат Перуашев министрдің заңды өзгерту туралы ұсынысына орай Аслан Сәрінжіповке ҚР Білім және ғылым министрі қызметінен кетуді ұсынған болатын. "Заңды үнемі өзгерте бергеннен кейде министрді ауыстыру тиімдірек", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети