11 қазан 2014 12:41

Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тасмағанбетов. Фото inform.kz сайтынан алынды Марат Тасмағанбетов. Фото inform.kz сайтынан алынды

Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бұрынғы әкімі Марат Тасмағанбетов Петропавлға басшы болып келді. 


Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бұрынғы әкімі Марат Тасмағанбетов Петропавлға басшы болып келді. 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жаңа әкімді құттықтап, қаланың дамуы жолында жемісті еңбек етуіне тілектестік білдірді. Айта кетейік, Тасмағанбетов соңғы қызметінде сегіз жыл жұмыс атқарған.  

Марат Тасмағанбетов 1971 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген.  Көкшетау ауыл шаруашылық институты мен Алматы экономика және статистика институтын ғалым агроном, экономист мамандықтары бойынша бітірген. Ол еңбек жолын Көкшетау облысы Торғай ауданы Привольное ауылынан бастаған, онда ол агроном болып жұмыс істеген. 1995 жылы "Батыс Қазақстан" ЖШС директоры болған. Тасмағанбетов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға әкім болып тағайындалғанға дейін "Вест" ЖШС-ның директоры қызметін атқарған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қала әкімі қызметін атқарған Төлеген Зәкәриянов 1 қазанда отбасылық жағдайына және басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдірген болатын. Ол 2013 жылдың мамырында Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалған. Әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети