05 желтоқсан 2014 10:08

Петропавл спорт интернатының тәрбиеленушілері әлімжеттік көретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасы кадрынан КТК телеарнасы кадрынан

Петропавлдың спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты тәрбиеленушілері әлімжеттік көріп жүрміз деп арызданды, - деп хабарлайды КТК. Интернат тәрбиеленушілері ата-аналарының сөзіне қарағанда, олардың балаларына жоғары сынып оқушылары қысым көрсетеді. Олар өздерінен кішілерді ұрып-соғып, электрошокермен қинайды. Айтуларына қарағанда, мұның барлығына бапкерлер мен ұстаздар бейжай қарап отыр.

Бүркітбай Сүлейменов дзюдоист ұлының жыл бойы алған дене жарақаттарын санап шықты. Екі ай бұрын оның ұлы Қайсар үйге мүгедек болуға шақ күйінде жеткен. "Бауырында, көкбауырында, бүйрегінде, барлық жерінде өзгеріс бар. Естімейді, оны үнемі ұрған, басынан ұрған", - дейді Сүлейменов. Жанжалға қатысты полиция тергеу жұмыстары мен көзбе-көз беттестіру шараларын бастады.

Алайда мектеп-интернатының басшылығы әлімжеттік деректерін жоққа шығарып отыр. "Мен сізге нақты айтамын, бізде әлімжеттік жоқ. Себебі үлкендер ренжітер болса, ол өте қауіпті. Мен барлық линейкада айтамын, егер үлкендер өздерінен кішілерді ренжіткен болса, үлкендер кінәлі", - деді Петропавлдың спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры Аманкелді Даиров. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети