10 мамыр 2014 19:09

Петропавл тұрғындары боямалы жарысқа қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті түсірген Дарья Пешкова Суретті түсірген Дарья Пешкова

Жеңіс күні құрметіне орай Петропавлдың шамамен 200 тұрғыны боямалы жарысқа қатысты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жеңіс күні құрметіне орай Петропавлдың шамамен 200 тұрғыны боямалы жарысқа қатысты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеңіс бояуы" жарысы белгілі бір тәртіппен өтті. Барлығы оған қатысушыларды тіркеуден басталды. Одан соң билет сатып алғандар нөмірі бар жейде мен Георгий лентасын еншіледі. Жарысқа бас салмастан бұрын денені қыздыру үшін арнайы жаттығулар өткізілді. Қаланың фитнес клуб жаттықтырушылары шад-шадыман әнмен бірге балалардың бойын жазып қана қоймай, көңіл-күйлерін де көтерді.

"Боямалы жарыс жеңімпаздары мен уақыты белгіленбейтін "Жер шарындағы ең боямалы шақырымдар" атты бірегей шараға ұқсас келеді. Мұнда жүздеген жарысушы 500 метр сайын бір-бірін басынан аяғына дейін әртүрлі бояудағы ұнтақтармен бөгеді" дейді аталмыш акцияны ұйымдастырушы Ольга Сушко.

Жарыс Погодин атындағы облыстық драма театры жанынан басталды. Жарысқа қатысушылар үшін төрт дистанция белгіленді, оның әрқайсысында балалар бір-біріне бояу шашуы тиіс. Алғашқы кезеңде жүгірушілер бір-бірін көк бояумен, ал екіншісінде - қызылмен, үшіншісінде - жасылмен және төртіншісінде сарымен "безендірді". Боямалы жарыстың мәре сызығы қала паркінде белгіленген. Мұнда балалар үстіндегі бояуларын жаппай кетіріп, сумен де шайына алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети