20 қазан 2015 12:20

Петропавлда Спорт сарайы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sk-sport.kz © Sk-sport.kz

Петропавлда велоспортшы Александр Винокуровтың есімімен аталады делінген Спорт сарайы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кешенді ашуға Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты.


Петропавлда велоспортшы Александр Винокуровтың есімімен аталады делінген Спорт сарайы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кешенді ашуға Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты.

"Бұл күнге де жеттік. Спорт сарайының ашылғаны үшін қуаныштымыз. Қазақстанда мұндай сарай жоқ", - деді спорт сарайының директоры Александр Надобенко. Ол мұнда тек хоккей ғана емес, мәнерлеп сырғанау да үйретілетінін айтты. Сонымен қатар, мұз алаңы мәнерлеп сырғанаушылар мен хоккей ойнаушыларға жалға берілетіні де айтылды.

Мұнда жыл бойы жазғы және қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік туды. Кешенде баскетбол, волейбол, мини-футбол ойнайтын алаңдар да бар. Спорт сарайында бокспен және күреспен айналысуға да болады. Солтүстік Қазақстан облысындағы "Құлагер" хоккей клубының директоры Болат Қарабалин де спорт сарайының ашылғанына қуанышты екенін жеткізді. "Енді хоккейшілеріміз басқа қалаға бармай-ақ дайындала алады. Қазан айының соңында алғашқы матч өтеді", - деді ол.

Айта кетейік, спорт сарайының ауданы шамамен 14 мың шаршы метр. Спорт кешені "Жас Өркен" ықшамауданында орналасқан. 

Еске сала кетейік, спорт сарайы велоспортшы Александр Винокуровтың атымен аталады делінген болатын. Дегенмен кейін билік мұны жоққа шығарды. "Оған себеп - Қазақстанда тірі адамның атына спорт кешендері немесе нысандар берілмейді. Жаңа спорт сарайы ешкімнің атымен аталмайды. Халық арасында Винокуров сарайы аталуы мүмкін, дегенмен бұл ресми түрде емес", - деді Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети