08 тамыз 2019 21:05

Петропавлда тұтынушыларға тегін құқықтық кеңес беретін кабинет ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүкеннен мерзімі өтіп кеткен өнім немесе жарамсыз тауар алсақ, оны қайтарып беруге жүрексінеміз. Себебі біз өз құқығымызды білмейміз, сондықтан оны даулай алмаймыз. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында тауарлар мен қызметтерді тұтынушыларға тегін құқықтық кеңес беретін екі кабинет ашылды.


Дүкеннен мерзімі өтіп кеткен өнім немесе жарамсыз тауар алсақ, оны қайтарып беруге жүрексінеміз. Себебі біз өз құқығымызды білмейміз, сондықтан оны даулай алмаймыз. Осы мақсатта Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында тауарлар мен қызметтерді тұтынушыларға тегін құқықтық кеңес беретін екі кабинет ашылды.

Солтүстік Қазақстан облысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және "Белсенді жастар» ЖҚБ Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік гранттары және Азаматтық бастамалары қолдау орталығы" КЕАҚ аясында "Солтүстік Қазақстан облысындағы тұтынушылар құқығын қорғау саласында тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру шарасын өткізу" жобасын жүзеге асырады.

Жобаның негізгі мақсаты - тұтынушылар құқығын қорғау саласында құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ облыс тұрғындарының құқықтық сауаттылығын көтеру

Осы тұрғыда Петропавл қаласында тауарлар мен қызметтерді тұтынушыларға тегін құқықтық кеңес беретін 2 кабинет ашылды. Жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы 10.00-ден бастап, кешкі сағат 17.00-ге дейін.
Кабинеттердің бірі қаладағы Н.Назарбаев көшесі, 69 А үйінің бірінші қабатындағы 1 кеңседе орналасса, екіншісі Хименко көшесі, 16 мекен-жайында "Корона" сауда үйінің 3-қабатында қабылдайды. Сондай-ақ кеңес алу үшін 8777 4236919, 8-7152-531594 нөмірлеріне хабарласуға да болады.

Аталған кабинеттер өз жұмысын бастағалы бері тұрмыстық техника сатып алу, тауарды қайтару, темір жол билетін қайтару секілді мәселелер бойынша 31 құқықтық кеңес берілген. Тұтынушыларға дәл қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша айырбастауға және қайтарып беруге болмайтын, мәселен нәски-шұлық өнімдері секілді тауарлар тізімі бар екендігі де ескертілді. Дегенмен, қарастырылған өтініштердің көбі сотқа дейінгі жағдайда тұтынушылардың есебіне шешілді.

Кабинеттердің жұмыс істеп жатқанынан қарапайым халықты хабардар ету үшін 24 маусымда "Алтын арман" және "Корона" базарларында еріктілер #CҚОтұтынушылары футболкасын киіп, тұрғындарға кабинет жұмысы жайлы 200 дана парақша таратты.

Жалпы алғанда, жобаны жүзеге асыру жұмыстары тауарлар мен түрлі қызмет түрлерін тұтынушыларға тегін құқықтың кеңес беруге және олардың құқығын қорғауға, сондай-ақ халықты құрылған мемлекеттік механизм жайында интернет пен БАҚ арқылы құлақтандыруға бағытталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети