09 мамыр 2014 15:08

Петропавлдағы автошеруге жетпістен астам көлік қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдағы "Атамның жеңісі - Менің жеңісім" автошеруі. Сурет Дарья Пешкова Петропавлдағы "Атамның жеңісі - Менің жеңісім" автошеруі. Сурет Дарья Пешкова

 Петропавлда 9 мамыр мерекесіне орай өткізілген автошеруге, 70 астам автокөлік қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі. 


 Петропавлда 9 мамыр мерекесіне орай өткізілген автошеруге, 70 астам автокөлік қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтының тілшісі. 

"Атамның жеңісі - Менің жеңісім" деген атаумен ұйымдастырылған автошеруге 70-тен астам автожүргізуші қатысқан. Әртүрлі көлікке мінгендердің шеруі шамамен 10 шақырым жерге созылып, қаланың ортасынан жүріп өтті. 

Петропавлдықтардың мерекеге ерекше дайындалғандықтарын Кеңестер одағының рәмізі саналатын қызыл жалау, түрлі-түсті шарлар көтеріп, мерекеге лайық безендірілген автокөлікпен әскери және мерекелік әуендер айтып жүргендерінен-ақ байқауға болады. 

"Біздің басты мақсатымыз - өз батырларымызды мәңгілік есте қалдыру. Осы үшін Ұлы Отан соғысына қатысып, фронтта қан төккен бабаларымызға тағзым етіп отырмыз", - дейді шараны ұйымдастырушы Никита Жуков.

Автошеру қаланың барлық орталық көшелерімен жүріп өтті. Шеру кезінде жол бойында түрлі бөгеттер болмауы үшін қалалық жол полиция қызметкерлері көмек қолын созды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети