02 қараша 2016 16:13

Полицей мен ер адамның телефонға таласқан видеосы тексеріліп жатыр - Қызылорда облыстық ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Желіде қызылордалық делінген полицейлердің жол үстіндегі әрекетінің видеосы пайда болған. Осыған байланысты Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне хабарласып мән-жайды анықтады. 


Желіде қызылордалық делінген полицейлердің жол үстіндегі әрекетінің видеосы пайда болған. Осыған байланысты Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне хабарласып мән-жайды анықтады. 

"Әлеуметтік желіде бүгін жарияланған видеоны Қызылорда облыстық ІІД тексеру шараларын жүргізіп жатыр. ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік қызметі бұл оқиғаны өндіріске алды, қазіргі уақытта олар тексеру шараларын жүргізіп жатыр", - деді Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, камераға түсіріп тұрған адамның айтуынша, жол полициясы көлік жүргізушісінің ұялы телефонын тартып алған. Орта жастағы ер адам полицейдің ізінен жүгіріп, телефонын қайтаруды сұрайды.

Алайда патрулдік полиция өкілдері айтқанынан қайтпай, телефонды бермей қойған. Камераға түсіруші және телефонын қайтаруды талап етуші екі адам қайта-қайта 102 нөміріне қоңырау шалу керектігін бір-біріне айтып жатады. Youtube порталына видеоны Талғат Тукенов есімді қолданушы жүктеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети