31 қаңтар 2017 | 21:56

Полицейдің анасы Бас прокуратура алдында өзін-өзі өртейтінін айтып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәметай Қалиева © Tengrinews.kz Дәметай Қалиева © Tengrinews.kz

Жезқазғанда пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталған полицейдің анасы Дәметай Қалиева Бас прокуратура алдында өзін өртейтінін айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Жезқазғанда пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталған полицейдің анасы Дәметай Қалиева Бас прокуратура алдында өзін өртейтінін айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

 "2017 жылдың 17 қаңтарында менің ұлымды себебін түсіндірмей тұтқындады. 23 қаңтарда ұлымды Қарағандыдағы № 16-шы тергеу абақтысына жапты. Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі прокурордың рұқсатынсыз үйге тінту жүргізді. Егер ұлымды босатпаса, өзімді өртеуге дайынмын. Оның отбасы бар, жалғыз асыраушысы сол", - дейді Дәметай Қалиева. 

25 қаңтарда полицейдің анасы Астанаға барып, Бас прокурорға кірмек болған. Алайда ол күні ведомство басшысы Қалиеваны қабылдай алмаған. Осы себепті ол прокурорға шағымын қалдырып кеткен. 

Жезқазған ауданы бойынша Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бұрынғы полицейлер - Д. Қалиев пен Р. Әбілевке қатысты ҚР ҚК 366-бабы бойынша істі өндіріске алған. 

"2016 жылдың 9 мен 23 шілдесі аралығында полицияның екі қызметкері Жезқазғанның № 11 бағытындағы автобус жүргізушісін көлікті мас күйде жүргізгеніне қатысты әкімшілік жауапқа тартпау үшін одан 50 мың теңге талап еткен. Кейін Әбілов пен Қалиев жүргізушіден жалпы 40 000 теңге алған. Осыған байланысты Жезқазған соты Дулат Қалиевті 2017 жылдың 17 қаңтарынан бастап екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды", - делінген іс материалдарында. 

Ал Қалиевтің адвокаты сот шешімімен келіспейді және Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша сот.

"7 ай тергеуге дейінгі тексеру кезінде Қалиев тергеушінің бір шақырғанынан-ақ барып жүрді. Жасырынған жоқ. Тергеуге бөгет болған жоқ, тұрып жатқан жерін ауыстырған емес. Қалиев жүргізуші мен куәгерлерге қысым көрсетті деген сот шешімі ештеңемен бекітілмеген, ал куәгерлерден тіпті сұрауда алынбады. Ол жасырынған емес, екі баласы мен қартайған ата-анасына қарап отыр", - дейді адвокат Алпысбай Әбілдин. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети