Полицейлер Алматыда жоғалған сөмкені жаңа технологияның көмегімен тапты

15 Қаңтар 2018, 16:35
0
Полицейлер Алматыда жоғалған сөмкені жаңа технологияның көмегімен тапты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Алматы полицейлері көлікте ұмыт қалған маңызды медициналық құжаттар бар такси жүргізушісін жаңа технологиялардың көмегімен тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөмкенің жеке такси жүргізушісінің көлігінде қалғаны туралы хабар Алматы ІІД жедел әрекет ету орталығына 11:39-да түскен. 

"Арыз берушіге жедел тергеу тобы аттанды. Әкесі мен ұлы Тілендиев пен Болотников көшелерінің қиылысында полицияны күткен. Осы іске қосымша криминалды полиция қызметкерлері де атсалысты. Әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталықтың белсенді жұмысының арқасында аз уақыттың ішінде қандай көлік алып келгені анықталды. Полицейлер жүргізушімен хабарласқан. Қазіргі уақытта ол Алматы облысы Жамбыл ауданынан келе жатыр. Сөмкесін іздеген адамдар мен жүргізуші арасында байланыс орнатылды. Бұл жерде "Автоматтандырылған "Жол жүру қауіпсіздігі" ақпараттық жүйесінің белсенді жұмысының арқасында іс нәтижелі болды. Бүгінде 104 постта 600-ден аса бейнебақылау камералары бар. Осы құрылғы арқылы дәл уақыт көрсетіліп, көліктің қай көшелермен жүргені анықталды", - дейді Алматы ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек. 

Еске салайық, 15 қаңтарда Алматы-1 вокзалына келген әкесі мен ұлы такси ұстаған: ақ түсті Skoda маркалы автокөлік. Олар Нұрғиса Тілендиев пен Есен Дүйсенов көшесіне барған. Сол жерге жеткенде, олар жүк салғыштағы сөмкелерін ұмытып, түсіп қалған. Онда ауруханаға жату үшін қажетті заттар мен дайын протезделген пластина болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай