Полицейлер Алматыға кіреберістегі блокпосттардың пайда болуын түсіндірді

01 Ақпан 2017, 20:05
0
Полицейлер Алматыға кіреберістегі блокпосттардың пайда болуын түсіндірді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының полицейлері Алматыға кіреберісте уақытша блокпосттардың пайда болғаны туралы мәліметті растап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шын мәнінде, Алматыға жақын маңда тоғыз блокпосттар қойылды, олар 28-ші қысқы Универсиадасын өткізудегі қауіпсіздік шараларын сақтау барысында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, іс-түссіз жоғалып кеткен адамдар мен іздеуде жүрген қылмыскерлерді тоқтату міндеті жүктелді және де автокөлік иелерімен ескерту-түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мамандары. 

Облыстық ІІД мамандарының айтуынша, уақытша блок-посттар спорттық шаралар аяқталғанға дейін тұрады, яғни 9 ақпанға дейін. Осы орайда полиция істелініп жатқан шараларға түсінікпен қарауды сұрайды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай