13 қаңтар 2017 13:01

Полицейлер алты баланың із-түссіз жоғалып кеткен анасын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Талдықорғанда алты баланың із-түссіз жоғалып кеткен анасы күйеуімен жанжалдасқан соң, ақша табу үшін Алматыға кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорғанда алты баланың із-түссіз жоғалып кеткен анасы күйеуімен жанжалдасқан соң, ақша табу үшін Алматыға кетіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта ол отбасымен бірге Талдықорғанда екен.

"Әлеуметтік желілерде таралған мәліметтерден кейін біз балалардың енесімен кездесіп, келінінің жоғалуы жайлы өтінішін ресми түрде тіркедік. Іздестіру шараларының барысында 32 жастағы әйелдің желтоқсан айының ортасында жоғалып кеткені анықталды. Оның телефон нөмірлері сөндірулі болды, бірақ оның мекенжайын таба алдық", - деді Талдықорған қалалық ІІБ іздестіру бөлімінің қызметкері Ержан Қасымбеков.

Сондай-ақ, полицейлер әйелдің Алматыға нәпақа табу үшін құрылыс бригадаларының біріне жұмысқа тұрғанын анықтады. Ал телефонын күйеуімен жанжалдасқан соң өшіріп тастапты. 32 жастағы әйелдің айтуынша, күйеуі оған осыған дейін бірнеше рет қол көтеріп, ішімдікке салынып кеткен.

"Әйелмен және оның күйеуімен сөйлестік. Сондай-ақ, отбасында кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты, ювеналды полиция қызметкерлері оларды бақылауға алады", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, балалардың әжесі - Камила Қалиева келінінің жоғалып кеткені жайлы өтінішті 9 қаңтарда жазған. Ал кейінірек Талдықорған тұрғындары ата-анасыз қалған алты балаға барынша көмек көрсетіп жатты. Олар ата-анасыз қалған алты балаға соғым мен киім-кешек жеткізген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети