13 желтоқсан 2015 16:28

Полицейлер Айзада Авлатарованы ұрлаған адамды қалай тапқандарын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдікті Игорь Токарев. Суретті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі жолдаған. Коллаж © Tengrinews.kz Күдікті Игорь Токарев. Суретті Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі жолдаған. Коллаж © Tengrinews.kz

Полицейлер Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен адамды қалай тапқандарын айтып берді, - деп хабарлайды "Казинформ". Қызды ұрлап әкеткен адам Игорь Токарев болуы мүмкін деген бірінші тұжырымды айтқан Алматы облыстық ІІД Қарасай өңірлік ҰҚҚК бөлімінің басшысы Тұрсынхан Сыздықов.


Полицейлер Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен адамды қалай тапқандарын айтып берді, - деп хабарлайды "Казинформ". Қызды ұрлап әкеткен адам Игорь Токарев болуы мүмкін деген бірінші тұжырымды айтқан Алматы облыстық ІІД Қарасай өңірлік ҰҚҚК бөлімінің басшысы Тұрсынхан Сыздықов.

"Талдау жасау кезінде бұл қылмыстың 1999 жылы Тұрар саяжайында жасалған қылмысқа ұқсас екені анықталды. Ол кезде Токарев Hyundai Accent автокөлігін айдап әкетіп, екі қызды ұрлаған", - деді Сыздықов. Игорь Токарев Алматы қаласының тұрғыны. Ол қылмыс жасауды 17 жасынан бастаған, бірінші рет ұрлық жасап сотталған, екінші және үшінші рет - көлікті айдап әкеткені үшін қамалды. Төртінші рет Жамбыл ауданында адам ұрлағаны үшін түрмеге жабылды. 1999 жылы Токарев екі қызды ұрлап әкетіп, зорлаған. Сол үшін ол 12 жылға сотталған.

Полицейлердің айтуынша, күдікті адам анықталғаннан кейін Авлатарованың туыстары оның суретін әлеуметтік желі арқылы таратып, ол нәтиже берді. Куәгерлер ер адамды суретінен таныған.

"Куәгерлердің арқасында күдіктінің ізіне түстік", - деді Алматы облыстық ІІД басшысының орынбасары, Айзада Авлатарованы іздеу операциясына жетекшілік еткен Нұрлан Мәсімов. - Иесіз қалған Hyundai Accent автокөлігі Қапшағай тас жолында табылды, ол сол көлікпен қызды алып кеткен. Көліктің мемлекеттік номері мен мағлұматтары маркасына сәйкес келмеді, олар бұрын басқа көліктен ұрланған. Автокөліктің салонынан табылған консервілердің құтысы, темекі мен көрпе олардың көлік ішінде түнегенін білдіреді. Сейсенбі күні такси жүргізушісі, куәгер адам суреттегі күдіктіге ұқсас, іздеуде жүрген ер адам мен қызды апарып тастағанын айтты. Куәгер оларды Алматы - Өскемен тас жолындағы көпірден Қазақстан ауылына дейін жеткізіп салған. Одан кейін оларды Қапшағай су қоймасы жағынан көргендер бар. Айзада балықшылардан су сұраған, ал ер адам түнеп шығатын қонақүй жайында сұрапты".

Осыдан кейін іздеу жұмыстары күшейтіліп, Қапшағайға жақын маңдағы саяжайларды тінтуге бар күш салынды. Сөйтіп, қыз табылды.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. 10 желтоқсанда қыз табылды. Бұл жөнінде еріктілер Facebook арқылы хабарлады. Ал Игорь Токарев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети