22 қаңтар 2014 12:54

Полицейлер қаруды ескертусіз қолдана алмайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Ішкі істер органдары туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы қоғамда бірқатар пікірталас тудырған еді. Мәселен, ішкі істер органдарының қызметтік қаруды ескертусіз қолдану құқығына қатысты сарапшылар мен саясаткерлер арасында түрлі жарыссөздер орын алған болатын. Әу баста заң жобасын Мәжіліске ұсынғанда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, қолданыстағы заңнамада полицейлер тарапының қару қолдану тәртіптері айқындалғанын, алайда онда негізгі мәселе тек полиция қызметкерлерінің құқықтары жайында болып отырғанын алға тартқаны есімізде. "Ал жаңа редакцияда қару қолдану мүмкіндігі туралы ескертудің міндеттемелері жазылған. Соған орай, заң жобасының нормалары қару қолдануға боларлық негіздерді кеңейтпейді, керісінше, қызметкерлердің оны қолданбас бұрын ескертуін міндеттейді", - деген еді министр Қасымов. Алайда, осы құқықпен келіспеген мәжілісмендер норманы тұтастай заң жобасынан алып тастауды жөн санапты. "Қоғамда пікірталас тудырған осы мәселелер бойынша жұмыс тобының арнайы отырыстары өтті. Соның нәтижесінде ішкі істер органдары қызметкерінің ату қаруын ескертусіз қолдану құқығы қамтылған норма заң жобасынан алынып тасталды", - деп түсіндірді құжат бойынша баяндаған Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети