Полицейлердің Gelandewagen мен Porsche Cayenne көліктері Алматының беделі үшін қажет - ІІД

24 Маусым 2016, 16:50
0
Полицейлердің Gelandewagen мен Porsche Cayenne көліктері Алматының беделі үшін қажет - ІІД - Әлеуметтік желілерде таралған сурет
Әлеуметтік желілерде таралған сурет

Алматы қалалық ІІД олардың есебінде тұрған Mercedes-Benz Gelandewagen пен Porsche Cayenne көліктерін тек шетелдік делегацияны күтіп алғанда пайдаланады. Бұл туралы ведомствоның басшысы Серік Күдебаев қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Анна Данилинаның сұрақтарына жауап бере отырып айтты. Сонымен қатар, Анна Данилина неге бұл көліктердің бірінің бағасы үш миллион болса, екіншісінің бағасы шамамен бес миллион екенін білгісі келді.

"Бұлар қолданыстан шыққан көліктер. Бізде мемлекеттік мүлікті жекешелендіретін департамент бар. Онда баға қоятын комиссия жұмыс істейді. Біз ол процеске қатыспадық. Сіз Алматыға шетелдік делегацияның келетінін білесіз. Біз оларды күтіп аламыз, шығарып саламыз. Біз Алматының беделін көтеру үшін осы көліктерді пайдаланамыз. Бұл Алматының беделі. Мұндай көліктер басқа жақтарда пайдаланылмайды. Наурыз айынан бастап санағанда бұл көліктер 5-6 рет пайдаланылған", - деді Күдебаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай