14 маусым 2016 11:27

Полиция Ақтөбеде жүргізілген арнайы операцияларды талқылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбедегі жағдай туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбедегі жағдай туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдай қалыпқа келді. Қызыл деңгейді алып тастадық, сары деңгейге өттік. Мекемелер де қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Кешеден бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де жұмысы күшейтілген режимнен түсті. Барлық арнайы бөлімшелер де өз жұмыстарына кірісті. Қылмыстық тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратурамен бірге жүргізеді", - деді ішкі істер министрі.

"Жүргізілген операцияларды талдаймыз, патрульдік полицияға және басшылыққа қойылатын сұрақтар бар. Шешім қабылданған кезде сіздерге хабарлаймыз", - деді ол.

Еске салайық, 5 маусым күні Ақтөбеде қаруланған бір топ адам қару-жарақ сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуылдаған еді. Қалада антитеррорлық операция режимі жарияланды. Лаңкестердің шабуылы салдарынан 7 адам қаза тапты, олардың үшеуі - әскери қызметші. 18 қылмыскердің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети