04 сәуір 2017 16:55

Полиция Астанада Абай даңғылын қоршауға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Астанада Абай даңғылын қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полиция Астанада Абай даңғылын қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға орнында түсірілген видеоларды портал оқырмандары жіберді. Видеоның кадрларынан Абай даңғылының бойында болжаммен қорғаныс жабдықтарын киген полицейді көруге болады. Оқиға орнына бірнеше арнайы қызметтің көліктері келген. Көлік жолдары және жаяу жүргіншілер жолы жабылған. 

"Жергілікті тұрғын, участкелік инспекторға Абай даңғылының бойында, дүкеннің жанында күмәнді сөмке туралы хабарлаған. Полицияға хабар 15:20-да түскен. Бірнеше минут өткеннен кейін полицейлер мен арнайы жедел әрекет ету қызметінің өкілдері келген. Сөмкені қарау барысында күмәнді ештеңе табылған жоқ", - дейді Астана ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілі. 

Оқиға орнын қарап шыққаннан кейін 16:08-де қоршау алынып тасталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети