"Полицияда кездейсоқ адамдар көп. Бірақ барлығы емес". Экс-полицей жұмысы жайлы айтып берді

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© видеодан алынған кадр © видеодан алынған кадр

Экс-полицей Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің қиындықтары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Экс-полицей Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдарында жұмыс істеудің қиындықтары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Ол ішкі істер органдарында әртүрлі қызметте жұмыс істеген. Жазба авторы Астанада болған төбелестен кейін жұмыстан босатылған полицейлерді қолдады.

Оның ойынша, полиция қызметкерлерінің жұмысы бағаланбайды. Оған қоса, жұмыс таңғы сағат 08.30-да, кей қызметте 07.00-де басталады екен. Олардың жұмыс кестесі реттелмеген, тамақтану, демалыс және сыйақы көрмейді. Ол лейтенант, взводтың командирі бола тұра 110 000 теңге айлық алған екен. Сержанттар болса 70 000 теңге жалақы алған. Бірақ ол бұл жалақы жасалған жұмысты ақтамайды дейді. 

Оның айтуынша, қаншалықты адал және жоғары деңгейде қызмет атқарғанымен, басшылардың алдында тек жағымпаздық арқылы жақсы қарым-қатынас құруға болады екен. Оған қоса, жұмыстан босатылған полицейлердің қаншама жақсылық жасағаны, жол апаттарының алдын алуы, көшедегі бұзақылықты азайтуы сияқты нәтижелері ескерілмейді.

"Көп адам полицияда бір танысымыз істесін деп туыстарын жіберетінін айтты. Керек кезде пайдаланамыз деп. Олар кездейсоқ адамдар, бірақ барлығы ондай емес", - деді Азамат Сәрсенбаев.

Видеода былапыт сөздер бар!

Еске салайық, тәртіп сақшыларының төбелесі түсірілген видеодан кейін бес полицей ішкі істер органдарынан шығарылған еді. Видеоға түсірілген төбелесте екі учаскелік инспектор мен үш жол-патруль полициясының қызметкері қатысқан. Олар жұмыстан босатылды. Оларың басшыларына да қатаң тәртіптік шаралар қолданылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer