13 қараша 2018 15:16

Португалияда апатқа ұшырай жаздаған Air Astana ұшағының командирі жайлы не білеміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вячеслав Аушев © vk.com Вячеслав Аушев © vk.com

Португалияда апатқа ұшырай жаздаған Air Astana ұшағының командирі Вячеслав Аушев қолдаулары үшін баршаға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол жазбасын Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.


Португалияда апатқа ұшырай жаздаған Air Astana ұшағының командирі Вячеслав Аушев қолдаулары үшін баршаға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол жазбасын Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Вячеслав Аушев 40 жаста. Ол Air Astana әуекомпаниясында 2011 жылдан бері жұмыс істейді.

"Біз үшін уайымдағандардың барлығына үлкен рақмет! Қоңырау шалып, жазғандарға! Жылы сөздеріңіз үшін мың алғыс! Біз істеуіміз тиіс болғанның барлығын істедік. Қалай үйретті, қалай дайындады. Екінші пилоттарымның еңбегі болмағанда барлығы қиынға түсер еді. Иә, ондай болады, ондай кезде барлық дағдыны, шеберлікті қолдануға тура келеді, бірақ ұшақ бүтін, барлығы тірі әрі туымызға дақ түскен жоқ", - деп жазды ол.

Ол қазір тергеудің жүріп жатқанын және оқиғаның мән-жайын жариялай алмайтынын жазды.

"Біздің нұсқаушыларға, тренинг департаментке алғысымды білдіргім келеді. Менің сүйікті Әуекомпаниямның тарапынан мықты қолдауды сеземін. Сонымен қатар, бізді қолдаған португалиялық қозғалыс қызметі мен F-16 ұшқышына рақмет. Барлығы кәсіби қызмет етті. Тергеу аяқталғанша мән-жайды жариялай алмаймын, түсінікпен қарауды өтінемін", - деп жазды Аушев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Португалияда Air Astana ұшағының апатқа ұшырай жаздағаны хабарланған болатын. 2018 жылы 11 қарашада Embraer 190 ұшағы ұшып бара жатқан кезінде техникалық ақау туды деген дабыл қағылған. Экипаж Бежа қаласындағы (Португалия) қосымша аэродромға қонуды ұйғарды. Барлығы сәтті өтті. Онда тек экипаж мүшелері болған. Оларға медициналық көмек қажет болып, екеуі ауруханаға жіберілді.

Кейін Air Astana өкілдері ұшақтарының Португалияда апатқа ұшырай жаздауының алдын ала себебін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети