06 ақпан 2014 13:10

Премьер "Қазгеологияны" күшейтуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото epr-magazine.ru сайтынан Фото epr-magazine.ru сайтынан

ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бүгінгі алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясын күшейтіп, оған тиісті өкілеттілік беру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған "Қазгеология" компаниясына әлі күнге дейін тиісті өкілеттілік берілмеген. Соның салдарынан ол бір жерде табандап қалды. Бүгінде оған қажетті өкілеттілік беру мәселесін қарастыру қажет", - деді Премьер-министр. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстанда қатты қазба байлықтары бойынша бірде-бір жаңа кен орны ашылмаған. Осы орайда С.Ахметов өзінің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешевке шілденің 1-іне дейін Үкіметтің қарауына Тау-кен кодексінің тұжырымдамасын енгізуді тапсырды. Министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы елімізде 105 перспективті учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын өткізу бойынша конкурстар ұйымдастырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети