26 шілде 2019 14:54

Премьер-министрдің орынбасары Арыстағы Шымкент секторының құрылыс жұмыстарымен танысты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Арыс қаласында жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Арыс қаласында жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласына бекітілген 10-шы секторда жүргізіліп жатқан жөндеу және құрылыс жұмыстары бойынша Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады.

"Залалды бағалау және жою үшін Шымкент қаласы әкімдігінің және 13 мердігерлік ұйымның 553 маманы жұмылдырылып, 3 кезекте тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Сараптама нәтижесінде анықталған сектордағы 652 тұрғын үйдің 604-інде жөндеу жұмыстары жүруде, 32 үйдің апатты болуы және толық өртенуі себебінен орындарына жаңа үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 161 үйде жөндеу жұмыстары аяқталған. 1 тамызға дейін барлық үйлердің шатырлары мен терезелері қалпына келтіріледі. Ал 15 тамызға дейін ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын аяқтаймыз", - деді қала әкімі.

Әбдірахымовтың баяндауынша, Шымкентке тиесілі секторда екі айдың ішінде жөндеуге келмейтін үйлердің орнына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы толығымен аяқталады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың, әр үйдің құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапалы болуы қала әкімінің қатаң назарында.

Сапар барысында Арыс қаласының тұрғындары құрылыс нысанындағы жұмыстар сапалы орындалып жатқанын айтып, өз алғыстарын білдірді.


Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети