Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Президент Алматы қаласын дамыту кеңесін өткізеді

26 Наурыз 2014, 09:56
0
Фото i-news.kz сайтынан
Фото i-news.kz сайтынан
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми сайттың хабарлауынша, сапар барысында Президент Алматы қаласын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізеді. Айта кеткен жөн, алдағы уақытта аталған шаһардың территориясын кеңейту көзделіп отыр. Соның арқасында бірқатар елді мекендер қала аумағына кіретін болады. Қала халқы да айтарлықтай артады.

Бұдан басқа, 2017 жылы Алматыда Бүкіләлемдік қысқы универсиада ұйымдастырылмақ. Ал 2022 жылы ол жерде XXIV қысқы Олимпиада ойындары өтуі әбден мүмкін. Бүгінде Халықаралық олимпиада комитетіне тиісті өтініш берілді. Жақында аталған ұйымның сарапшылары Алматыда болып, қаланың географиялық орналасуына және жалпы қысқы спорт түрлері бойынша салынған нысандардың сапасына оң баға берді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай