11 ақпан 2015 14:08

Президент азаматтарды патриот болуға және қазақстандық тауарды сатып алуға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанда жасалған" акциясын бастауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің кеңейтілген отырысынан.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанда жасалған" акциясын бастауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің кеңейтілген отырысынан.

"Қазақстанда жасалған" деген акцияны бастайық. Барлық сауда орындарында қазақстандық тауарлардың секциясы болсын. Облыс әкімдері осы мәселені назарда ұстаңыздар. (...) Қазақстандықтарға қиын жағдайда патриот болып, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырайық. Баламалы түрде - бұл біздің азаматтарымыздың экономикамызға көрсеткен көмегі болады", - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне.

Отандық тауарөндірушілерді қолдау туралы сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астанада EXPO-2017 көрмесіне үлкен құрылыс жүріп жатқанын ескертті. Президент нысандардың құрылысына қазақстандық көптеген компанияларды тарту керек екенін атап өтті. "Барлық үй салушылар барлығын қазақстандық ресурстардан қалуы керек екенін мәлімдеймін", - деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, ол жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қазақстандық үлес есебінен іске асырылуы керектігін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети