29 қаңтар 2016 15:32

Президент балаларының жәрдемақысына өмір сүретін әкелер жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент балаларының жәрдемақысына өмір сүретін әкелер жайлы айтып берді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент балаларының жәрдемақысына өмір сүретін әкелер жайлы айтып берді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаев Қазақстан халқының әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мәселесіне қатысты пікір айта отырып, республикада мұқтаждарға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа жүйесінің енгізілетінін атап өтті.  

"Жәрдемақы көлемі әр отбасының табысына қарай бекітіледі. Алайда мұндай жанұяның еңбекке жарамды мүшелері өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуға міндетті болады. Яғни бұл жәй ғана ақша беру емес, олар оқуы керек, барлық бағдарламамызға қатысуы керек", - деді Мемлекет басшысы. 

"Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қазір алып жатқан бірнеше төлемнің сомасында бірыңғай жәрдемақы төленеді. Анаған да, мынаған да төлейді, шатасып кетесің. Кейбір әкелер өз балаларының жәрдемақысына өмір сүруді үйреніп алған. Нанға жетсе болды емес пе, арақ үшін жұмыс істеп қажеті не?", - деп білдірді пікірін Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент өз сөзінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап қазақстандықтардың көбейтілген зейнетақы мен жәрдемақыны алатынын еске салды. Айта кетейік, ынтымақшыл зейнетақы төлемдерінің сомасы тоғыз пайызға өсті. Базалық зейнетақы 11 965 теңге көлемінде бекітілді, минималдық зейнетақы 25 824 теңге. Осыдан шығатыны, 2016 жылы минималдық зейнетақы (базалық және минималдық зейнетақыларды қосқанда) төлемінің сомасы 37 789 теңге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети