21 қараша 2016 13:57

Президент бизнеске жасалған қастандықтар жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнеске жасалған қастандықтар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы судьялардың VII құрылтайында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы cөз қозғады.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнеске жасалған қастандықтар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы судьялардың VII құрылтайында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы cөз қозғады.

"Біздің Конституцимызда жеке меншік дүниеге қол сұқпаушылық туралы көрсетілген бе? Көрсетілген, бірақ біз тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен-ақ кәсіпкерлерге қастандық жасадық: "Оларда белгілі бір қаражат бар, сондықтан да ол кәсіпкер болып саналады. Кәсіпкер бір дүкен ашты делік, демек оны ұры деп айтуға болады. Енді оның көзін жою керек". Адамдарда мұндай психология расында да болды. Онымен күресіп келе жатсақ та, ол психология қалмайды. Шағын немесе орта бизнес - елдің экономикалық негізі. Осыны есте сақтаңыздар. Мен үнемі осы туралы айтамын. Оны айтқым келгендіктен емес, бизнес нарықтық экономикада басты рөл атқаратындықтан айтып отырмын", - деді Қазақстан Президенті.

"Қандай бизнес екені - онда 5 адам немесе 20 адам жұмыс істей ме, ол маңызды емес. Егер де ол салық төлеп жүрсе, демек олар біздің қоғамға керек.  (...) Егер оларға қолдау көрсетпейтін болсақ, біздің экономика дамымайды", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети