30 қараша 2015 12:12

Президент БЖЗҚ-ны Ұлттық банктің бақылауынан алып тастауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын Ұлттық банктің бақылауынан алуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялап жатыр.

Жалғасы

"Ұлттық банктің индустриалдық кемшіліктерін жою керек. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, Проблемалық несиелер банкін және қаржы институттарын оның бақылауынан алуымыз керек. Банк өз ісімен айналыссын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл шешімі туралы айта отырып Президент 2016 жылы қазақстандықтырдың зейнетақы активтерін қазақстандық жекеменшік немесе шетелдік компанияға беру керектігіне тоқталды. "Зейнетақы жинағының өсімін ұлғайту мақсатында зейнетақы қаражатын инвестициялаудың тәсілін қарастыруымыз керек. Зейнетақы қорын Ұлттық банкті басқарғандай басқармауымыз керек. Зейнетақы жинағы қаражатын жеке кәсіпкерлікті дамытуға жұмсауды доғару қажет. Бұл ақшалар тек бюджет қаражаты тапшы болған кезде пайдаланылады. Ал кәсіпкерлікке халықаралық қаржы институттары беретін қаражат жеткілікті", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети