1. Басты
  2. Біл
  3. Ел жаңалықтары

Президент Денис Тенді патриоттығы үшін мақтады

Денис Тен. ©REUTERS Денис Тен. ©REUTERS

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбев жастар форумында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді патриоттығы үшін мақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жастар форумы өтіп жатыр. 

"Мен көріп отырмын - Тен отыр. Әнұран орындалып жатқанда залға қарап тұрдым, ол жалғыз өзі Туға қарап тұрды, ешқайсыңыз қарамадыңыздар. Бұл оның барлық жарыстардан алғаны. Ол егер жаттықпаса келесі жарыстарда жеңіске жете алмайтынын жақсы біледі", - деді Назарбаев. 

"Өмірде де солай, біз сәттіліктерге жеттік, бірақ егер тоқтап қалсақ, артымызда келе жатқандар озып кетеді. Дамыған елдердің ешқайсысы келіп, амандық әкеліп бермейді. Сондықтан мен жалпыға ортақ еңбек қоғамы туралы айтып отырмын", - деді Назарбаев. 

Еске салайық, Шанхайда өткен әлем чемпионатында Денис Тен қола жүлдегер атанған болатын. Қазақстандық қысқа бағдарламада үшінші болып келді, ал еркін бағдарламада бірінші болды. Испан Хавьер Фернандес чемпион болды, ол жапон мәнерлеп сырғанаушысы Юдзуру Ханбдан титулды тартып алды. Жапон болса екінші орыннан көрінді.