21 наурыз 2014 13:08

Президент ел тыныштығын сақтауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото np.kz сайтынан Фото np.kz сайтынан

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік монументі алдында басталған мерекелік шараларға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып, баршы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент атап көрсеткендей, қазіргі кезде елімізде ұлтаралық келісім мен төзімшіл қарым-қатынас қалыптасқан. "Бізде барлығы тең дәрежеде өмір сүріп жатыр. Ұлтына, тіліне немесе діни көзқарасына қарай ешкімнің құқығы тапталмауы тиіс. Бәріміз теңбіз. Біздің ортақ Отанымыз, ортақ мақсаттарымыз бар. Осының арқасында Қазақстан дамып, көркейіп жатыр. Дәл осы нәрсе (тыныштық пен татулық - авт.) нан мен баспанаға қол жеткізіп, жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұны барлығымыз бірдей көздің қарашығындай сақтауымыз қажет", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Осы орайда Мемлекет басшысы әлемде болып жатқан мәселелерді де меңзеді. "Әлемнің өзі қиын әрі сезімтал ғой. Жыл сайын дүниежүзі бойынша 30-ға жуық әскери шиелініс болып, онда мыңдаған адам қаза табады. 800 миллион адам аштыққа тап болуда. 400 миллион халықта ауыз су жоқ. 40 миллион бала аштықтан қайтыс болады. Әлем өзі шыны сияқты болып кетті. Сондықтан кез келген бұрыс әрекеттің кесірінен қолымызда бар нәрсені жоғалтып алуымыз әбден мүмкін", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети