03 маусым 2019 14:19

Президент жұмыс сапарымен Таразға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлиге сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Жамбыл облысына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлиге сілтеме жасап.

"Тараз қаласында өндіріс және мәдени орындарда болып, облыс жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесуі жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли. 

"Облыста туризм индустриясын дамыту. Әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орны туризм саласымен байланысты.
Бұл бағытқа ерекше көңіл бөлу керек. Өңірде туристерді қызықтыратын тарихи орындар жеткілікті. Бес нысанға ЮНЕСКО тарапынан халықаралық мәртебе берілген (ежелгі қалашықтар: Ақтөбе-Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Ақыртас). Жамбыл жеріндегі Айша Бибі және Қарахан кесенелері, Жайсаң киелі жері, Көксай шатқалы және басқа да тарихи орындар – халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар. Үкімет туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауда. Оған ең маңызды 10 туристік нысан кіреді. Оның екеуі Алматы өңірінің тау кластері. Ал Түркістанның тарихи-мәдени туристік орталығы Жамбыл облысымен шекаралас орналасқан.
Өңірдің тарихи-мәдени маңызын ескере отырып, Жамбыл облысының әкіміне, үш облыс аумағымен өтетін "Жаңа Жібек жолы" экспедициялық маршрутының (Алматы, Түркістан, Жамбыл) туристік инфрақұрылымын дамытуды тапсырамын. Аймақтың туристік қуатын арттырып, инвестиция тарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет.
Үкімет пен әкімдік бұл саланы бірлесе дамытуға күш салуы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Облыстағы қылмыс көлемін азайту керек. Қазақ амандасқанда "Мал-жан аман ба?" деп жөн сұрасқан. Дегенмен, соңғы кезде қорадағы малын таппай қалатын азаматтар көбейіп барады. Өткен жылы елімізде 5,5 мың мал ұрлығы тіркелген. Ұрлық жақсылыққа апармайды! Бұған тыйым салу керек! Адал еңбек етіп, күнін көріп отырған малшыларды қорғауымыз қажет! Заңды қатайтып, қылмыскерлерді сыбайластарымен қосып, қатаң жазалау керек.
Ішкі істер министрлігі қызметкерлерімен кездесуде осы мәселеге қатысты нақты тапсырмалар бердім. Сондықтан, әкімдіктер мен жергілікті полиция барымтаға қарсы шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. Қылмыстық кодекске тиісті өзгертулер енгізу қажет. Парламент депутаттары осы бастаманы қолдап, мәселенің оң шешім табуына атсалысады деп сенемін.

Облыстағы келесі өткір мәселе - есірткі қылмысының ушығуы. Бұл - бүкіл қоғамды алаңдатқан өзекті мәселе.
Өкінішке қарай, қазіргі озық технология дамыған заманда "есірткі бизнесінің" дәурені жүріп тұр. Есірткі сататын "астыртын" жарнамалар қаптап кетті. Тіпті, арнайы сайттар ашылған.Бұл, ең алдымен, жастардың санасын және денсаулығын улайтын кесел. Мұны тоқтату қажет! Жол бермеу керек! Заң жүзінде тосқауыл қоюымыз аса маңызды! Есірткі сатуды кәсіпке айналдырған қылмыскерлер қатаң жазалануы керек! Полиция қызметкерлеріне осы мәселе бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети