13 ақпан 2019 19:51

Президент Қара майордың туған-туысқандарына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Борис Керімбаев. © commons.wikimedia.org/wiki/User:Kalabaha1969 Борис Керімбаев. © commons.wikimedia.org/wiki/User:Kalabaha1969

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толу қарсаңында өткізілген бұл кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтіп, осы елдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан азаматтар мен ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады.

Бақытбек Смағұл Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақстан ардагерлері" Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы тарапынан атқарылған жұмыстар мен кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәлімдеді.       


© akorda.kz

Сондай-ақ, Елбасы ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі Борис Керімбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туысқандарына көңіл айтты.

Генералдар Қара майорға "Халық Қаһарманы" атағын беруді ұсынды

Еске салайық, 12 ақпанда таңертең "Қара майордың" қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 8:50-де өмірден өткен. 

Таяуда Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Борис Керімбаевқа ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталіне барған еді. Әскери ведомство басшысы оған ҚР Әскери барлау алдындағы еңбегі үшін "Алтын үкі" төсбелгісін, алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстаған болатын. 

"Әскерде нашар сарбаз жоқ, "косячный" офицер ғана болады" - Аңызға айналған "қара майор"

Борис Керімбаев - 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Прудки ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Ташкенттегі Ленин атындағы жоғары қолбасшылық училищесіне түсіп, оны аяқтаған соң 1970 жылы Германиядағы кеңестік әскер тобына жіберіледі. 1973 жылы барлау ротасының командирі болады. 1977 жылы штаб басшысының орынбасары, ал кейінірек Теміртаудағы 52 857 әскери бөліміндегі мотоатқыштар батальонының командирі болып тағайындалды. 1980 жылы Эфиопияға аттанады. Ал 1981 жылы (ГРУ-ға қарасты) 22 (АЖБО) негізіндегі 177 бөлек арнайы жасағының командирі болып тағайындалады. Керімбаевтың тағдырына әсер еткен дәл осы тағайындау еді. 

Керімбаев басшылық еткен сарбаздар азиялықтардан (қазақ, қырғыз, өзбек және тәжіктерден) құралғандықтан "мұсылман" батальоны атанып кеткен. 

1989 жылы жасақ Ауғанстаннан ақырғы болып шықты. 

Борис Керімбаев басшылық еткен 177-ші жасақ сапында генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов, генерал-майор Мұқан Естайұлы Дүйсекеев сияқты болашақ қорғаныс министрлері де болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети