11 қазан 2019 14:07

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбайұлы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Мемлекет басшысы жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайдың 80-жылдық мерейтойы аясында орнатылған ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев қаламгердің мүсінін салтанатты түрде ашып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


 Мемлекет басшысы жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайдың 80-жылдық мерейтойы аясында орнатылған ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев қаламгердің мүсінін салтанатты түрде ашып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тау тұлғалы талант, ғұлама ойшыл Әбіш Кекілбайұлының ерен еңбегі қандай құрметке де лайық екенін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев, заңғар жазушы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің рухына тағзым ету тек Маңғыстау өңірінің ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға деп бағалады.

"Біз бүгін рухын ұлықтап отырған Әбіш Кекілбай – адамзаттық болмыстың жоғары деңгейіне көтерілген біртуар тұлға, қазақ халқының ұлы перзенті. Халқымыздың мақтанышына айналған азаматтардың есімін жадымыздан шығармау – баршамыздың парызымыз. Елбасының "Шіркін-ай, осындай қазақтар көбірек болса екен" деп Әбіш ағаға ризашылық білдіруі тегін емес. Зиялы қауым оған айрықша құрмет көрсетіп, "Қазақтың таңдайы" депатады", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған тұңғыш қаламгердің әдебиет әлеміне келгеннен бастап ұлттық сананы сақтау үшін мол үлес қосқанына, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді және төл мәдениетімізді дәріптеп, халқына адал қызмет еткеніне тоқталды. Ұлттық болмыс пен ұлттық рух Ә.Кекілбай шығармашылығының діңгегіне айналғанынайтты.

"Аңыздың ақыры", "Елең-алаң", "Үркер", "Шыңырау" – қайталанбас туындылар. Классик қаламгердің бұл еңбектері әлем әдебиетінің алтын қорына тиесілі. Жазушы қарасөздің құдіреті арқылы елдің намысын оятып, рухын көтерді", – деп баға берді Қасым-ЖомартТоқаев.

Президент мемлекетіміздің жетістіктері қаламгердің ұлт тағдыры туралы мақалаларында толық көрініс тауып, қоғамның шынайы сипатын танытқан Әбіш Кекілбайұлының көсемсөзі халықтың рухани азығына айналғанын, заңғар жазушының туындыларына тарих пен тәуелсіздіктің арқау болғанын тілге тие кетті.

"Оның білімі, көзқарасы, шын мәнінде, шексіз, бірегей және әмбебап. Әбіш Кекілбай – қазақтың болмыс-бітіміне әлемдік кеңістіктен көз салған кемел ойдың иесі. Ұлы Абай "Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сөз қалдырған" дейді. Әбіш Кекілбайдың шығармалары ғасырдан ғасырға ұласатын рухани құндылық болып қалатынысөзсіз", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол тарихымызға қатысты көптеген деректерді жарыққа шығару қажеттігіне, азаттық үшін күрескен арыстарымыздың есімін ұлықтау арқылы азаматтарымыздың, әсіресе, жастардың бойына отаншылдықты дарыта алатынымызға мән берді.

Президент жастарымыз Қазақ елінбүкіл дүниежүзіне танытатын жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға талпынуы керек деді. Сонда ғана отаншыл, ұлтжанды ұрпақты жаңа геосаясат, геоэкономика жағдайына бейімдей алатынымызды айтты. Қазақстан патриотизмі осындай үштұғырған егіз делсе, тәуелсіздігіміздің нығайып, еліміздің жарқын болашағына жол ашатынына тоқталды.

Мемлекет басшысы қазақ зиялыларының салмақты сөзі – тәрбиенің тиімді құралы деп ерекше екпін берді.

"Бүгінгі күні зиялы қауымның маңызды міндеті өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті сөз соңында Әбіш Кекілбайұлының "Ұрпағына ие бола алмағанжұрт ұлттықтан айырылады" деген сөзі әрдайым есімізде тұратынынайтып, жазушының мол мұрасы, өнегелі тағылымы осы мақсатқа қызмет ете беретініне сенім білдірді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети