1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Президент Қазақстандағы атышулы тұтқындаулар туралы ойын айтты

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі шенеуніктерді ұстау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде барлық реформалар қаржыландырылған. Триллиондап қаржы бөлініп жатыр. Сонымен бірге, былтыр Есеп комитеті 160 миллиард теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады. 47 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, 223-тәртіптік жазаға. Құқық қорғау органдарына берілген материалдар көп болып отыр", - деді Президент отырыс қатысушыларына. 

Осы мәселені көтеріп, Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басшысынан 2016 жылы қанша шенеунік жауапқа тартылғанын сұрады.

"2900 лауазымды тұлға", - деді Қайрат Кожамжаров.

"Жемқорлық" бабы бойынша ма?", - деп қайта сұрады Президент.

""Оларды тәрбиелеп, тәжірибе береміз, "Болашақпен" оқытамыз, осыдан кейін олар түрмеге қамалады. Мен бұлардың ата-анасынан да қатты уайымдаймын. Меніңше бұл сатқындық. 2900 адамға қатысты іс қозғалды. Бұл да оларды тыймай отыр", - деп өкініш білдірді Елбасы.