Президент Кедендік одақ аясында ортақ консорциумдарды құруды ұсынды

28 Сәуір 2014, 19:46
0
Президент Кедендік одақ аясында ортақ консорциумдарды құруды ұсынды - Tengrinews.kz иллюстрациясы
Tengrinews.kz иллюстрациясы

Бүгін Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің және Беларусьтің бірлескен индустриалдық консорциумдарын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

Президенттің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ аясында инновациялық-технологиялық даму басымдықтарын айқындап алған жөн. Осыған орай, арнайы бағдарламаны да қабылдауға болады. "Сол бағдарламада экономикалық дамудың нақты бағыттарын анықтап, бірлескен индустриалдық консорциумдарды құру қажет. Мәселен, минералды ресурстарды өңдеу саласы. Ол - бізге де, Ресейге де ортақ сала. Оны (минералды ресурстарды - авт.) сол күйінде сатпай, терең өңдеуден өткізгеннен кейін экпортқа шығарған дұрыс қой. Сол сияқты ғарыш, химия, машина жасау, аграрлық кешен, энергетика, көлік және тағы басқа салалар бар", - дейді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының ойынша, алдағы уақытта Еуразиялық инновациялық кеңесті құрған тиімді болмақ. Аталған ұйым үш елдің инновациялар саласындағы ынтымақтастығын реттейтін еді. 

"Нақты жобалар экономикалық интеграцияның қозғаушы күші болуы тиіс. Соның арқасында бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарып, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Сөйтіп, ұлттық бюджеттерге түсетін салықтардың мөлшерін ұлғайтамыз", - деп атап көрсетті Президент. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай