Президент Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

25 Қараша 2016, 18:04
9
Президент Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында "Нұр Отан" партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (9)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай