18 ақпан 2015 12:12

Президент сайлауы сыртқы арандатушылықтардан сақтайды - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы сыртқы арандатушылықтар мен жанжалдарға төтеп беруге ықпал етеді. Төменгі палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы сыртқы арандатушылықтар мен жанжалдарға төтеп беруге ықпал етеді. Төменгі палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен жексенбі күндері мен алматылықтардың Ассамблеяның сайлау өткізу туралы ұсынысына қалай қарағанына куә болдым. Бұл күтпеген жайт болды, көпшілік ұсынысты құптады. Кезектен тыс сайлау туралы бастама іштегі үрейді сейілтті. Біздің адамдар сыртқы ахуалдың бар қиындығын түйсінеді, адамдар елдегі аса маңызды мәселені Елбасының жетекшілігімен сынақ кезеңін бастан өткере отырып шешудің сәтті мүмкіндігі екенін бірден түсінді", - деді Мәжіліс депутаты. 

Оның айтуынша, қазір экономикалық әрі геосаяси дағдарыс жүріп жатыр. "Бұл сайлау кәдімгі сайлаулардан өзгеше. Ол сыртқы қатерлерге жауап ретінде, қиындықтар арқылы өту мүмкіндігі ретінде керек. Ол бізді біріктіреді, Қазақстанға деген сенімімізді арттырады. Әлемдегі ахуал көп параметр бойынша төтенше болып тұр. Оны біз күн сайын Интернеттен, телеарналардан көріп отырмыз. Енді қауіптер мен жанжалдардың зор әлеуеті посткеңестік кеңістікті шарпи бастады. Дағдарыс шекарамызға таяп қалды, түрлі арандатушылықтардың, сыртқы мәселелерді біздің аумаққа аудару технологияларының болуы мүмкін. Бұл жай ғана "үркіту" емес, біз "Медуза" сияқтылардың (интернет-басылым) қоғамға іріткі салмақ болғанын көрдік. Бұл сайлау бізге Елбасының төңірегіне топтасу үшін қажет. Ол сайлау халықтың өз Президентімен бірге екенін дәлелдеу үшін қажет", - деді депутат. 

Еске салайық, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі азаматтардың Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы өтініштерін бірауыздан қолдаған еді. Ассамблея Кеңесі мүшелерінің пікірінше, әлем экономикасындағы дағдарыстың өршіп тұрған жағдайында кезектен тыс президент сайлауын өткізу республикаға "Нұрлы жол" бағдарламасы мен ел дамуының ұзақмерзімді даму басымдықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

"Осы бір күрделі жағдайда қазақстандықтарды біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасуға шақырамыз. Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономиканың өсуін, өткізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын нығайту маңызды. Бұл бастама іс жүзінде - баламасыз. Бұған қоса, келесі 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлау бір уақытта келеді. Конституция нормаларын мүлтіксіз орындау мақсатында бұл сайлауларды әртүрлі уақытта өткізген жөн", - деді ҚХА өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети