Президент сайлауын өткізуге 5 миллиардтан астам теңге қарастырылып отыр

19 Ақпан 2015, 11:09
0
Президент сайлауын өткізуге 5 миллиардтан астам теңге қарастырылып отыр - Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. ©Тұрар Қазанғапов

Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 5 миллиардтан астам теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанның әрбір азаматы ҚХА бастамасымен таныс деп ойлаймын. Қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайларға байланысты сайлау өткізу қажет екенін біз қолдаймыз. Бұл үлкен шығын деп айтуға болатындай аса үлкен қаражат жоқ. 2016 жылға президент сайлауын өткізуге қаражат қарастырылған, ол - 5 миллиард теңгеден астам", - деді Досаев журналистердің сұрағына орай. 

Еске сала кетейік, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі 14 ақпан күні өз отырысында Қазақстан Президенті сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы азаматтардан келіп түскен көптеген өтініштерді бірауыздан қолдап, бұл туралы бастама көтерген еді. Ассамблея Кеңесі мүшелерінің пікірінше, әлем экономикасындағы дағдарыстың өршіп тұрған жағдайында кезектен тыс президент сайлауын өткізу республикаға "Нұрлы жол" бағдарламасы мен ел дамуының ұзақмерзімді даму басымдықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай