16 ақпан 2015 17:11

Президент сайлауына қатысушылар саны алдағы апталарда белгілі болады - Косарев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владислав Косарев. ©Тұрар Қазанғапов Владислав Косарев. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Халық коммунистері" фракциясының басшысы Владислав Косарев кезектен тыс президент сайлауына қатысушылар санына қатысты мәселе алдағы апталарда шешіледі деп есептейді, - бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 


ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Халық коммунистері" фракциясының басшысы Владислав Косарев кезектен тыс президент сайлауына қатысушылар санына қатысты мәселе алдағы апталарда шешіледі деп есептейді, - бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

"Сайлау қалай өтеді, қанша кандидатура болады - бұл біздің партияның ғана емес, Қазақстанның жалпы ішкі саясатының да жалпыға ортақ мәселесі, ол таяудағы апталарда шешіледі", - деді Косарев ОКҚ брифингінде. 

Ол сайлау туралы хабарланғаннан кейін коммунистердің өз съезін өткізетінін айтты. "Бұл - сайлау өткізуге үндеу ғана, сайлау туралы шешім әзірше жоқ", - деді Қазақстанның бас коммунисі. 

 

Журналистердің "Сіз президенттікке үміткер болуға дайынсыз ба?" деген сауалына ол "Уақыт көрсетеді", - деп жауап берді. 

Айта кетейік, 14 ақпан күні Астанада Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтіп, онда Кеңес мүшелері азаматтардың Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы өтініштерін бірауыздан қолдаған еді. Ассамблея Кеңесі мүшелерінің пікірінше, әлем экономикасындағы дағдарыстың өршіп тұрған жағдайында кезектен тыс президент сайлауын өткізу республикаға "Нұрлы жол" бағдарламасы мен ел дамуының ұзақмерзімді даму басымдықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

"Осы бір күрделі жағдайда қазақстандықтарды біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына жиналуға шақырамыз. Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономиканың өсуін, өткізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын нығайту маңызды. Бұл бастама іс жүзінде - баламасыз. Бұған қоса, келесі 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлау бір уақытта келеді. Конституция нормаларын мүлтіксіз орындау мақсатында бұл сайлауларды әртүрлі уақытта өткізген жөн", - деді ҚХА өкілдері.

Бұдан соң "Нұр Отан" партиясы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бастамасына қолдау білдірді. Парламент Мәжілісіндегі басқа екі фракция да бұл ұсынысты толық қолдады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети