Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Президент шетелдік инвесторларды туризмді дамытуға үндеді

12 Маусым 2014, 11:46
0
©kapital.kz
©kapital.kz

Бурабай курортық аймағында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Отырысты ашқан Мемлекет басшысы кеңестің кезекті жиналысын Бурабайда өткізудің негізгі себебін атап өтті. "Бурабайды халық арасында "қазақстандық Швейцария" деп атайды. XIX ғасырдан бері бұл жер курорттық аймақ ретінде кеңінен танымал. Мұнда тап-таза ауа. Сондықтан ол ем-домның орталығына айналды. Әсіресе, II Дүниежүзілік соғыстан кейін Бурайбайда ем алған азаматтар көбейді. Қазір біз бұл жерде туристік кешенді дамытуды көздейміз. Сол себепті сіздерді арнайы шақырып отырмыз. Осы аймақ Ресейге де, Қытайға да жақын болғандықтан, болашақта жақсы дамитын болады", - деді Н.Назарбаев. Осыдан кейін қатысуышлар "EXPO-2017" көрмесінің Туын салтанатты түрде қарсы алып, кеңес жұмысын бастап кетті. 

Айта кетейік, отырыс барысында Н.Назарбаев "Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы" заңға қол қойып, бейнекөпір арқылы Қостанайдағы "Toyota Fortuner" көлігін құрастыру өндірісін бастап бермек. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай