08 қараша 2018 | 20:00

Президенттер Астанада: Назарбаев ҰҚШҰ сессиясын ашты

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

иынға Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян және осы ұйымның Бас хатшысы міндетін атқарушы Валерий Семериков қатысты.

Реклама
Реклама

Кеңес мүшелері халықаралық және өңірлік қауіпсіздік проблемаларын, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің осы ұйым аясындағы және халықаралық аренадағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшелеріне сессияға қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, жұмыс тәртібі жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев отырыста Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына 2018 жылғы төрағалығы қорытындыланып, оған мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасатын болады.

Сессияда Қырғызстанның келесі сессияаралық кезеңдегі төрағалығының басымдықтары да сөз болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная