Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Президенттікке ниет білдіруші қазақ тілі емтиханын тапсырудан бас тартты

18 Наурыз 2015, 13:45
0
Қанат Есжанов. ©Тengrinews.kz
Қанат Есжанов. ©Тengrinews.kz

Өзін-өзі ұсынушы Қанат Есжанов қазақ тілін қаншалықты меңгергендігі тексерілетін емтиханды тапсырудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

Емтихан басталар алдында Есжанов 52 жастағы медиатор лингвистика комиссиясы мүшелерінің тізімін беруді сұрады. "Бұл комиссияда бір ғана адам өзгерді, мен мұндай комиссияға емтихан тапсырудан бас тартамын", - деді Есжанов. Оның айтуынша, комиссияның құрамы 2011 жылғы сайлаудан бері бір ғана адамға өзгерген. Есжанов емтихан алудың әділдігіне күмән келтірді, сонымен бірге, санаулы күн ішінде 93 мыңнан астам қол жинаудың мүмкін емес екенін айтты.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 18 наурыз күні лингвистика комиссиясы емтиханын өткізуді аяқтайды. ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың 26 сәуірі күні өтеді. Қазіргі уақытта президенттікке кандидат ретінде тек екі адам ғана тіркелді - Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғын Сыздықов. Орталық сайлау комиссиясына сайлау додасына қатысуға барлығы 27 адам өтініш берген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай