05 шілде 2019 11:16

Президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Бабақұмаров Президент кеңесшісі - Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Ержан Бабақұмаров Президент кеңесшісі - Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды" - делінген Ақорданың хабарламасында.

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда дүниеге келген. Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты. ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1991) саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша оқыған.

2005-2006 жылдары Президент Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 2019 жылдың 5 сәуірінде Президент кеңесшісі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети