Прокуратура Bek Air ұшағының апатты жағдайда қону дерегі бойынша тергеуді бастады

27 Наурыз 2016, 17:36
0
Прокуратура Bek Air ұшағының апатты жағдайда қону дерегі бойынша тергеуді бастады -

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы Bek Air ұшағының Астана әуежайына апатты жағдайда қону дерегі бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл дерек Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі "Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын
бұзу" бойынша тіркелді. Қылмыстық іс Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне берілді, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Bek Air әуе компаниясының Қызылордадан ұшып келген ұшағының Астана әуежайында апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын. Ұшақ бортында 121 адам болған, олардың 116-сы жолаушылар, бесеуі экипаж мүшелері. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл ұшақтың пилоттары мемлекеттік сыйлыққа ұсынылуы мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай