14 қараша 2017 10:42

Прокуратура Қазақстан әскеріндегі әлімжеттік видеосына қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube © youtube

Қазақстанның Бас әскери прокуратурасының өкілі Еркін Қожа-Ахмет өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жақында тарап кеткен қазақстандық әскер қатарындағы әлімжеттік видеосына қатысты пікірін білдірді. 


Қазақстанның Бас әскери прокуратурасының өкілі Еркін Қожа-Ахмет өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жақында тарап кеткен қазақстандық әскер қатарындағы әлімжеттік видеосына қатысты пікірін білдірді. 

Желіде тараған видеода ысылып қалған сарбаздардың жас жауынгерлерге әлімжеттік жасап жатқанын көруге болады. Әскерилер жас сарбаздарды ұрып, "хат" оқытады және түрлі бұйрықтарды орындатқызады. 

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар!

"Facebook желісінің түрлі парақшаларында әскерилердің бір-біріне нормативтік қатынастан тыс әрекеттер жасаған видеосы таралып кетті. Бұл материал 2009 жылы Ақтаудағы әскери бөлімде жазылып, 2012 жылы YouTube видеохостингіне жарияланғанын айта кетейін. Олардың кім екені анықталып, сәйкес шаралар қолданылды. Ал қазір мұндай жағдай жекелей ғана болатынын айтқым келеді. Біз жүргізген алдын алу жұмыстар арқасында мұндай құқық бұзушылық айтарлықтай азайып, кейбір түрлері мүлде жойылды. Сонымен бірге, қоғамда дау тудырмас үшін мұндай материалдарды жариялар алдында олардың қайда және қашан түсірілгенін біліп алуды немесе өкілетті органдардан анықтауды сұраймын. Сондай-ақ, мұндай деректер туралы хабарлап, одан тысқары қала алмаған тұлғаларға алғысымды білдіргім келеді. Әскери прокуратура органы БАҚ пен интернет-басылымдарды ары қарай да қадағалап, мұндай жағдайды анықтап, кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуды жалғастырады", - деп жазыпты ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети