Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Прокурорлар Қаратал тұрғынына терроризмге қаржы бөлмеуді ескертті

25 Ақпан 2014, 11:13
0
©REUTERS
©REUTERS
Прокурорлар Таяу Шығыс елдеріндегі шиеленіс аймағында жүрген қазақстандықтың туысына оны қаржыландырмау жөнінде алдын ала сақтандыру берді деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаратал ауданы прокуратурасы туыстары мен серіктері тарапынан террористік немесе экстремистік қызметке қаржылай қолдау көрсету және терроризмге немесе экстремизмге басқа да дем берушілік жасау дерегін болдырмау үшін ҚР "Прокуратура туралы" заңының 25-1-бабы тәртібінде Қаратал ауданының А. деген тұрғынына жазбаша алдын ала сақтандыру берді", - делінген облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Прокурорлардың мәліметіне қарағанда, бұл азаматтың немере ағасы Таяу Шығыстың шиеленіс болып жатқан аймағында жүр. Оған өз туысын ғана емес, дәстүрлі емес, экстремистік бағыттағы діни ағымдардың басқа да өкілдеріне қаржылай көмектесуге ҚР Қылмыстық кодекстің 233-3-бабы, яғни "Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге немесе экстремизмге басқа да дем берушілік жасау" бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды және Атырау облысының қаржы полициясы терроризмді қаржыландырды деген күдікпен төрт азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Қарағандылық үш азамат шетелдегі лаңкестерге 2012-2013 жылдары 600 мың теңгеден астам қаражат аударса, Атырау тұрғыны халықаралық террорлық ұйым есепшотына 2 мың доллар салған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай