22 маусым 2014 14:08

Психологиялық емхананың емделушісі елді дүрліктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет shakhty.su сайтынан алынды. Сурет shakhty.su сайтынан алынды.

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласындағы психологиялық емхананың емделушісі евангельистік христриан-баптистерінің шіркеуі жанындағы балалар үйіне жарылғыш зат қойылғанын хабарлап, елді дүрліктірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты.


Қарағанды облысына қарасты Саран қаласындағы психологиялық емхананың емделушісі евангельистік христриан-баптистерінің шіркеуі жанындағы балалар үйіне жарылғыш зат қойылғанын хабарлап, елді дүрліктірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты.

Қала орталығындағы полиция бөліміне белгісіз бір азамат қоңырау шалып, евангельистік шіркеу ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. "Біз Төтенше жағдай болған жерге бірге бардық. Балалар мен педогогтардың көмегімен Балалар үйінен 43 азамат қауіпсіз аймаққа шығарылды. Арнайы мамандар күмәнді жарылғыш затты іздеп, ештеңе таба алмады", - деп хабарлады Жедел жәрдем қызметінің облыстық орталығы. 

Полицейлер телофон-ланкесі кім екенін анықтады. Ол Саран қаласындағы психо-неврологиялық диспансердің 22 жасар емделушісі екен. Ол кінәсін мойындап, жай ғана әзілдемек болғанын, сонымен қатар мобильді телефонды санитардан алғанын айтқан.

Енді "Лаңкестік туралы қасақана жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоңырау авторының денсаулығына байланысты құқыққорғаушылар оны қамаған жоқ. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети