02 қыркүйек 2014 17:13

Путин сөзінен жаңылды ма, әлде қасақана айтты ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

izvestia.ru izvestia.ru

Путиннің 29 тамыздағы «Селигер» жастар форумындағы «Қазақтарда мемлекет ешқашан болған емес...» деген мәлімдемесі барша қазақтың шымбайына қатты батып, Ресей Президентінің бұл сөзі біздің қоғамда үлкен тақырып талқысына айналды. Өз кезегінде «Алаш айнасы» басылымы бүтін ұлттың қытығына тиетін бүтін бір мемлекет басшысы сөзінің астарын мамандар пікірімен саралап көрді...


Путиннің 29 тамыздағы «Селигер» жастар форумындағы «Қазақтарда мемлекет ешқашан болған емес...» деген мәлімдемесі барша қазақтың шымбайына қатты батып, Ресей Президентінің бұл сөзі біздің қоғамда үлкен тақырып талқысына айналды. Өз кезегінде «Алаш айнасы» басылымы бүтін ұлттың қытығына тиетін бүтін бір мемлекет басшысы сөзінің астарын мамандар пікірімен саралап көрді...

Қазақта «Тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа» деген мақал-мәтел бар. Осы қағида Кеден одағын құру кезеңінде қатаң сақталып, біздің халық бұл одаққа қашан, қалай еніп кеткенін онша түсінбей қалып еді. Енді осы Кеден одағының ЕурАзЭҚ боп түрленуінде бізді жан-жағымыздан түртпектеушілер көбейіп кетті. Осы жыл бойындағы Жириновский бастаған Кремльдің сайқымазақ саясаткерлерінің мемлекетаралық құқықтық құжатпен бекітілген арадағы достығымызға ши жүгірткен сөзіне қазір жауап қатудан да шаршап қалған сияқтымыз. «Ит үреді, керуен көшеді» дестік мұндайда. Ал енді бүтін бір елдің басшысының бүтін бір халықтың ел болғандығына күмән туғызатын сөзін қалай түсінуге болады?..

Әлеуметтік желідегі талқыда біреулер Путин жаңылысты дегенге сенгісі келсе, ал тағы біреулер білдей мемлекет басшысының сөзі алдын ала даярланады, бұл қасақана айтылды деседі. Оған Елбасымыздың ЕурАзЭҚ аясында ресми Мәскеудің Украинаға қатысты қолданып жатқан іс-әрекеттерін қолдамауы себеп көрінеді.

Сол секілді, мысалы, қаржыгер-маман Олжас Құдайбергенов өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында «Жаңа мейрам күнін атап өтуді ұсынамын. Тұңғыш мемлекет болған күн! Қазақтың мемлекет болғанына - 550 жыл. Қазақ хандығы (1465-1847)» деп жазады.

«Біз үлгі көрсетуіміз керек, біз өз тарихымызды әспеттеп, оны ұлы деп санауымыз тиіс! Мейрам қандай да бір себепке байланысты туындамауы керек, керісінші, өткенімізді танудағы логикалық сұранысты қанағаттандыру үшін тарихымыздан жіберіп алғанымызды жаңғырту маңызды» - деп жазады өз жазбасында Құдайбергенов.

Қалай дегенмен де Путиннің бұл мәлімдемесіне дейін Елбасымыз жергілікті ресми телеарнаға арнайы сұхбат беріп, елдігіміздің тарихы тереңде жатқанын, қазақ халқының кеше пайда бола салмағанын баса айтқан еді.

Елбасының Ұлытаудағы сұхбаты (24.08.2014):

...Біз өз тарихын жаңадан біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте үлкен. Оны білуіміз керек. Қазір оны қолға алып жатырмыз. Қазақтың тарихы жылын жарияладық. Дүниежүзінен, Қытайдан, Ираннан қазақтың жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақта көп нәрсе ауыздан-ауызға беріліп отырады: атадан балаға, баладан балаға. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктердің мемлекеті болады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, ол хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда бола қалған халық емеспіз. Бұл (Ұлытау) – жаңағы айтқан ғұндардың да, көк түріктердің де, Алтын Орданың да орталығы болған жер. Өзінің тұрған жері – Қазақстанның кіндік ортасы.

Путиннің «Селигер» жастар форумындағы мәлімдемесі (29.08.2014):

...Ол (Нұрсұлтан Назарбаев) керемет нәрсе жасады. Ол территориясында мемлекет болмаған жерден мемлекет құрды. Қазақтарда мемлекет болған емес. Осы жағынан алғанда, посткеңестік кеңістік, сонымен қатар Қазақстан үшін де ол ғаламат адам. Мәселе ол кісіде ғана емес, қоғамның басым бөлігінің көңіл күйіне байланысты екенінін қайталап айта кетейін. Қазір Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік және Еуразиялық одақты құру бойынша істеп жатқандарымыз, бұл арада Еуразиялық одақ сол кісінің идеясы екенін мойындай кетейін, оны мен ойлап тапқаным жоқ. Оны сол кісі ойлап тапты. Біз барлығымыз бұл іске жұмыла кірісіп кеттік және оның аяқ шеніне жетіп қалдық. Философтар Ресейдегі еуразиялық идеяның кім дамытқанын, кімнің қолдағанын жақсы біледі. Қазақтар оны дамыта жөнелді. Бұл олар үшін өнеркәсіптік және алдыңғы қатарлы технологиялар жағынан әлемдік өркениеттің бір бөлшегі боп табылатын үлкен русь әлемі кеңістігінде қала отырып, экономикалық дамуы үшін тиімді. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді тарихи преспективада да солай болатындығына сенімдімін...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети