Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Рашид Түсіпбеков Жоғарғы Сот Кеңесіне төраға болды

11 Тамыз 2014, 18:52
0
Рашид Түсіпбеков. ©finpol.kz
Рашид Түсіпбеков. ©finpol.kz
Бектас Бекназаров
Бектас Бекназаров

Қаржы полициясының бұрынғы жетекшісі Рашид Түсіпбеков Қазақстанның Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

6 тамыз күні Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қаржы полициясының таратылатынын хабарлаған болатын. "Қаржы полициясы таратылып, оның сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен заңбұзушылықтарын ескерту, анықтау, алдын алу, ашу және тергеу функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету істері агенттігіне беріледі. Ал экономикалық және қаржылық заңбұзушылықтар мәселелері Қаржы министрлігіне беріледі", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы. Жаңадан құрылған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету істері агенттігіне Қайрат Қожамжаров басшы болып тағайындалды. Сол кезде Елбасы қаржы полициясы басшысы Түсіпбековтің "көшеде қалмайтынын" айтқан болатын. 

Рашид Түсіпбеков еңбек жолын 80-жылдардың басында сот жүйесінен бастады. 1984-1993 жылдары Қарағанды облысындағы Нұра ауданы сотының төрағасы болды. Содан кейін Қарағанды облыстық сотының төрағасы атанды. Әр жылдары Қазақстан Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметін атқарды. Жоғарғы сот төрағасының міндетін атқарды. 2000 жылы Президенттің Жарлығымен Бас прокурор, 2009-2012 жылдары Әділет министрі болды. Содан кейін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарды.

Қазақстанның Жоғарғы Сот Кеңесінің бұрынғы төрағасы Бектас Бекназаров Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бекназаров бұл қызметке 2013 жылдың қазан айында тағайындалған еді. 

Бектас Бекназаров 1956 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысында туған. 2002-2006 жылдары Атырау облыстық сотының төрағасы болды. 2006-2009 жылдары Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының, 2009-2011 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды, 2011 жылдың 15 сәуірінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы болып сайланды. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай