Рашид Түсіпбеков Сенатта сот жүйесіне қатысты мәселелермен айналысады

03 Қыркүйек 2015, 10:55
0
Рашид Түсіпбеков Сенатта сот жүйесіне қатысты мәселелермен айналысады - © Finpol.kz
© Finpol.kz

Рашид Түсіпбеков Сенатта сот жүйесіндегі мәселелермен айналысады. Сенат депутаттарды Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі етіп сайлау туралы қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңның 25-бабы 2-бөлімі 1-бөлімшесіне және "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" Заңның 15-бабына сәйкес Парламент Сенаты қаулы шығарды: Сенат депутаты Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болып сайлансын", - деді Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев отырыс барысында.

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Конституциялық заңына және Президенттің 2015 жылдың 26 тамызындағы бұйрығына сәйкес Рашид Түсіпбековті Сенат депутаты етіп тіркеген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай