23 желтоқсан 2014 19:35

Рауан Кенжеханұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рауан Кенжеханұлы. ©Ortcom.kz Рауан Кенжеханұлы. ©Ortcom.kz

WikiBilim қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


WikiBilim қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Рауан Кенжеханұлы тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Рауан Кенжеханұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, ол 35 жаста. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін - халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын - іскерлік әкімшілік мастері мамандығы бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Гарвард университетінің Халықаралық қатынастар орталығының Кеннеди атындағы басқару мектебін бітірген.

Рауан Кенжеханұлы 2002-2005 жылдары "Хабар" агенттігінің Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының редакторы, Ресей Федерациясы бойынша меншікті тілшісі, 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы, 2006-2009 жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры, Маңғыстау облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, 2010-2011 жылдары АҚШ-тағы Гарвард университетінде лингвистика департаментінің оқытушысы болып қызмет атқарған.

2011 жылдан бүгінге дейін Bilim Media Group компаниясының директоры қызметін атқарып келді. Қазақ, орыс ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген. Рауан Кенжеханұлы Интернетте қазақ тілін дамытудағы істерімен көпшілікке таныс, ол Google Translate тізіміне қазақ тілін енгізуге бастама көтергендердің бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети